Закажите обратный звонок и мы обязательно Вам перезвоним!
Қостанай облысындағы «Қашар кені» акционерлік қоғамының өндірістік алаңында Hitachі жүк көліктерін жөндейтін және техникалық қызмет көрсететін цех ашылды.
Аумағы 2 мың шаршы метрден асатын боксқа бірден төрт алып машинаны кіргізуге болады. Ішінде көлік жуатын жеке блогы да бар.
ERG компаниясына қарасты Қашар кен орынында 42 бірлік Hitachі техникасы жұмыс істейді. Тәулік бойы қазба жыныстарын тасымалдайтын ауыр салмақты көліктерді он күнде бір рет шаң-тозаңнан тазартып, техникалық тексерістен өткізіп тұру керек. Осы күнге дейін ол жұмыстар жел өтінде, ашық алаңда атқарылатын. Енді зәулім цехтың ашылуымен оның бәрі артта қалды.
Нұрлан Алдабергенов, механик:
- Жаңадан салынған көлік жуу мойкасы ашылды бізде. Дала, қыста қиын условиясыз болған. Енді болды осы бокста бізде мүмкіндік бар бізде, жылы жерде, таза самосвалды, техниканы кіргізуге.
Бұл жоба «Қашар кені» АҚ мен «Eurasian Machinery» (Евразиан Машинери) ЖШС арасында жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асты. Оның ішінде Жапониядан жеткізілетін техникаға сервистік қызмет, барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету жағы да қарастырылған.
Эйдзи Фукуниси, "Hitachi Construction Machinery" тау кен өндірісі бөлімшесінің президенті:
- Соколов-Сарыбай бірлестігі Hitachі-дің Қазақстандағы ең маңызды стратегиялық әріптесі. Қазіргі кезде 80-нен астам біздің техника осындағы кен орындарында жұмыс істеп жатыр.
Цех іші бірнеше аймақтан тұрады. Диагностикалық, күрделі жөндеуге, бөлшектерді тез ауыстурға арналған учаскелері бар.
Георгий Литовченко, «Қашар кені» АҚ Бас директоры:
- Бұл бокстың ашылуы біз үшін маңызды оқиға. Ауыр жүк көліктерімізге техникалық қызмет көрсететін осындай арнайы орынның пайда болуы өнімділікке тікелей әсер етеді. Яғни темір кенін арттырып, өндірісті кеңейтуге жол ашады.
Мамандардың есебінше, Қашар кен орынында 800 миллион тонна қор бар. Кемі 30 жылға жетеді деп отыр.
Мағауия Қалиев Ермек Мұхамедияров
Мағауия Қалиев Ермек Мұхамедияров
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/728170-kostanaj-oblysynda-hitachi-zuk-kolikterin-zondeu-cehy-asyldy
Ресми дистрибьютор
Hitachi Construction Machinery
Корпоративтік мінез-құлық кодексін бұзудың кез келген фактілері туралы, сыбайлас жемқорлық, парақорлықтың дайындалып жатқан немесе жасалған фактілері туралы.