Закажите обратный звонок и мы обязательно Вам перезвоним!
2027 жылғы 1 сәуірден бастап «Hitachi Construction Machinery Co., Ltd.» атауы «LANDCROS Corporation» болып өзгеретінін қуана хабарлаймыз.
Компания атауымен бірге жаңа корпоративтік брендіміз де LANDCROS атауына ауысады.
1950 жылы Жапонияда алғаш рет отандық механикалық экскаватор жасалған еді. Содан бері Hitachi үздіксіз инновация жасап, техникаларын әлемнің әр түкпіріндегі клиенттерге ұсынып келеді. Осы жолдан айнымаған Hitachi Construction Machinery жаңа ғасыр табалдырығынан LANDCROS атауымен аттағалы тұр.
Тұрақты қоғам құрудың маңызы артқан сайын, клиенттеріміз қауіпсіздікті күшейту, жұмысты тиімді ету және шығынды азайту сияқты мәселелермен жиі бетпе-бет келетіні анық.
Біздің мызғымас миссиямыз – әрдайым клиенттердің жанынан табылу және олардың сұранысын ескеріп, заманға сай техника мен тиімді шешімдер арқылы жауап қату.
Нарық қарқынды құбылып келеді. Сол себепті тек техникаға ғана дәстүрлі бизнес құрылымынан бас тартып, клиент мәселесін толықтай шешетін «шешімдер ұсынушы» компанияға айналуды мұрат еттік. Нақтылай айтсақ, бұдан былай біз техника ұсынумен ғана шектелмей, қызметтер көрсетіп, цифрлық мүмкіндіктерге де жол ашамыз. Техника жұмысқа кіріскен сәттен бастап біз сырттан бақылап қана отырмай, оның бүкіл өмірлік кезеңін назарда ұстап, үздіксіз қолдау көрсетеміз. Жаңа буын техникаларын әзірлеуде ЖИ, роботтандыру, сенсорлық жүйелер және заманауи байланыс технологиялары кеңінен қолданылады.
Жаңа корпоративтік бренд – LANDCROS. Бұл атаудағы «LAND (ЖЕР)» біздің көзқарасымыздың айғағы, ал CROS сөзін тарқатсақ: Customer (клиентке бағдарлану), Reliable (сенімділік), Open (ашықтық), Solutions (шешімдер). Бұлар біздің құндылықтарымыздың өзегі.
Бұл бренд қоғам алдындағы міндетімізді айқындайды – клиенттерге ашық, болашаққа бағытталған инновациялық шешімдер ұсыну. Атау өзгерісі – компанияның жаңа даму кезеңіне өтуге деген нық ұстанымының көрінісі.

Компания атауы мен корпоративтік бренд өзгергенімен, біздің болмысымыз бәз баяғы қалпында. LANDCROS клиенттермен, серіктестермен және қоғаммен орныққан байланысын бұрынғыдай қадірлей береді.

Клиенттер және серіктестермен бірлесе ашық стратегия қалыптастырамыз.
Құрылыс пен тау-кен саласы жаңа кезеңге қадам басты. Қазіргі әлем инфрақұрылым мен тұрғын үйді бұрын-cоңды болмаған ауқымда салуды талап етеді, яғни жылдам, тиімді әрі тұрақты тәсілдерді қолданып, шығыны аз, еңбек күші үнемделген, мерзімі қысқа болуы керек.
Hitachi Construction Machinery осы міндеттерді шешуді көздейді. Сол жолда біз қайта қалыптасып, клиент күткеннен де асып түсер шешімдер ұсынушыға айналып келеміз.
Атауымыз «LANDCROS Corporation» болып өзгерсе де, компания бұрынғыдай ресми дистрибьюторлар арқылы клиент мәселесін тікелей шешіп, сапалы техника мен қызмет ұсынуды жалғастыра бермек. Осылайша өзіміздің ұзақмерзімді мүддемізді жүзеге асырып келеміз.
Hitachi Construction Machinery құрылыс пен тау-кен саласының келешегін қалыптастыруды көздейді. Осы бағытта жаңа корпоративтік бренд – LANDCROS дамып келеді. Бұл бренд дәстүрлі техника өндіру шеңберінде шектелмей, тың әрі тиімді шешімдер ұсынуға бағытталған. Мұндай ұстаным қоғамның өркендеуіне серпін беріп, келер ұрпақ мақтан етер келешектің келбетін қалыптастырамыз.

Hitachi Construction Machinery құрылыс саласы келер ұрпақ, олардың отбасы және бүкіл планетамыз үшін мақтаныш пен шабыт көзі болып қала береді деп сенеді.
Solutions Beyond Machinery – (Техника шеңберінен тыс шешімдер)
Болашақта жер мен қоғамның гүлденуіне үлес қосамыз.
Ресми дистрибьютор
Hitachi Construction Machinery
Корпоративтік мінез-құлық кодексін бұзудың кез келген фактілері туралы, сыбайлас жемқорлық, парақорлықтың дайындалып жатқан немесе жасалған фактілері туралы.